jasqazaq.kz

Атырауда карантин режимі жеңілдеді

01 маусым 2020, 16:58

Індетке шалдыққандар көрсеткішінің төмендеуіне байланысты қала маңындағы блок-бекеттер де алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап жалпы көлемі 2 мың шаршы метрден асатын ірі сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, сауналар мен моншалардың қызмет көрсетуіне рұқсат берілді. Әуежай мен теміржол вокзалының және автобекеттің жұмысы жанданып, такси қызметі де іске қосылды. Ал 3 маусымнан бастап базарлар мен азық-түлік емес сауда орындары санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қызмет көрсете бастайды. Айта кетейік, маска тағу режимі және ара қашықтық сақтау секілді қауіпсіздік шаралары өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ бұқаралық және спорттық іс-шараларға, түнгі ойын-сауық нысандарының жұмысына салынған тыйым да өз күшінде.

Амантай Жұмағалиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Өздеріңіз білесіздер, ол жерде адам көп шоғырланған. Сондықтан ауру таралу қаупі кәсіпорын, мекемелерде, базарларда жоғары. Блок-посттар карантин жарияланған елді мекендерде сақталады. Ол Жылыой ауданында, Теңіз кен орнында, Мақат ауданының Мақат ауылында.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі