jasqazaq.kz

Атырауда із-түссіз жоғалған ер адам 9 күннен бері табылмай жатыр

11 қараша 2021, 17:22

Атырауда 44 жастағы Бауыржан Талпақов 9 күннен бері іздестірілуде. Соңғы рет 2 қараша күні байланысқа шыққан азаматтың қайда екенін ешкім білмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қараша күні 32 жастағы әйел күйеуінің жоғалғаны жайлы шағым түсірген. Айтуынша, Бауыржан Талпаков 31 қазан күні үйден шығып, содан оралмаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, іздестіру шаралары жүргізілуде. Қызының айтуынша, әкесі соңғы рет 2 қараша күні байланысқа шыққан.

«Денсаулығында айтарлықтай ақауы жоқ. Есін жоғалтпаған. Көк бейсболка, қызғылт-көк түсті күртеше, көк джинсы, қоңыр баулы мокасины киген. Бойы 175-180 сантиметр», — деді ол.

Бауыржанды көрген-білген жандар болса, туыстары мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: Индира (жұбайы): +7 778 004 31 36, Әсел (әпкесі) : +7 701 082 81 18, Малика (қызы): +7 701 877 00 96

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр