jasqazaq.kz

Атырауда ит атылғаны жөнінде жалған құжатпен кәсіпкерге ақша аударылған

15 маусым 2022, 16:46

Атырау ветеринарлары ит атылғаны жөнінде жалған құжатпен кәсіпкерге қаржы аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының прокуратурасы анықтағандай, ветеринария органдары ит атылғаны жөнінде жалған құжаттар ұсынған. Жалған құжат арқылы кәсіпкерге бюджеттен қаражатын аудару фактісіне байланысты тиісті қадағалау актісі енгізілген. Бюджетке келтірілген залал толықтай өтеліп, жауапты тұлғалар қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.

«Соңғы кезде Атырау қаласында иттердің адамдарға, әсіресе, кәмелетке толмағандарға шабуылдауы жиіледі. Биылғы жыл басынан 112 адамды ит қабу дерегі тіркелді. Оның ішінде кәмелетке толмаған 70 жасөспірім бар. Осыған байланысты қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстың нәтижесіздігіне, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының тиісті орындалмауына байланысты ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен арнайы мобильді топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілді», — деді қалалық прокуратурадан.

Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу дерегі әлі де тыйылған жоқ. Сол себептен, прокуратура ата-аналарға балаларын қоғамдық орындарда ерекше бақылауға алу қажеттігін ескертіп отыр. Ал Атырау қаласының прокуроры жануарларды қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын, оның ішінде бұралқы иттерді аулау мәселесін жеке бақылауына алды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр