
«Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» Осындай атаумен 7 қазан күні Атырауда VI халықаралық фестиваль өтеді. Халықаралық шараға Әзербайжан, Грузия елдерінен және шекаралас Ресей Федерациясынан меймандар келеді деп күтілуде.
Шара аясында Атырау облысы әкімдігінде «Шекаралас аймақтағы этномәдени ынтымақтастық: проблемалары мен келешегі» тақырыбымен дөңгелек үстел шарасы жоспарлануда. Ал, VI халықаралық фестиваль аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы және шетелдік мәдени ұйымдар өнерпаздарының қатысуымен концерт өтеді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА