jasqazaq.kz

Атырауда газ құятын компания бағаны себепсіз қымбаттатып, 2 млрд теңге табыс тапқан

04 сәуiр 2022, 16:16

Атырау облысында мұнайгаз саласындағы монополистік ұйымның жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

2017-2021 жылдар аралығында «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстемдігін пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеп, бекіткен.

«СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгені құрап, ол толық көлемде қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде