jasqazaq.kz

Атырауда есірткіге еліткен жүргізуші әйелдің сөмкесінен психотропты дәрілер табылды

30 қараша 2022, 14:33

Атырауда есірткіге еліткен жүргізуші әйелдің сөмкесінен психотропты дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, патрульдік полиция қызметкерлері бүгін, 30 қарашада сағат 4:50 шамасында «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатқан.

«Атырау қаласындағы «Мұнайшы» шағын ауданында «ВАЗ-2114» автокөлігін тексеру кезінде жүргізушінің есірткілік мас күйде екені анықталды. Көліктің рулінде Өзбекстан Республикасының 1992 жылғы азаматшасы болған. Жүргізуші медициналық сараптамадан өткізілді. Сараптама қорытындысымен шетелдік жүргізуші әйелдің есірткілік мас күйде болғаны дәлелденді. Аталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданды. Тексеру кезінде әйелдің қол сөмкесінен әр түрлі 34 дана психотроптық дәрі-дәрмек табылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір көлікті есірткіге еліткен күйде жүргізген әйелге қатысты №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде