jasqazaq.kz

Атырауда ер адам Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

22 қазан 2020, 11:28

Атырауда 22 жастағы тұрғын Instagram желісіне аудио және видео материал жүктегені үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы жігіт дін маманы Ибн әл-Джаузидің идеясын насихаттайтын аудио-видео материалдарды Instagram желісінде жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Осыған байланысты ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот қаулысына сәйкес ол 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді, ал әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды.

Бұдан басқа Атырауда соңғы уақытта Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің аталған бабы бойынша тағы төрт ер адам жауапқа тартылған. Олардың бірі Мысырда теологиялық бағыттағы күмән туғызатын оқу орнында білім алған. Содан кейін өзінің ВКонтакте желісінде ислами емес негіздегі идеологтарды насихаттаған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия