jasqazaq.kz

Атырауда энергетикалық кәмпиттен уланған бала ауруханаға түсті

24 желтоқсан 2019, 17:16

Атыраулық дәрігерлер тәтті кәмпиттен уланған 10 жасар баланы құтқарды. 19 желтоқсанда бала ауыр және ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер балаға «Кәмпиттердегі кофеиннен улану» деген диагноз қойды. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген бала бірден жансақтау бөліміне орналастырылып, оның асқазаны тазалап, шайылған, бала бір сағаттан кейін есін жиған.

Баланың айтуынша, сабақ біткен соң ол дүкеннен Flush UP деп аталатын энергетикалық кәмпиттің 7-8 данасын сатып алып, бәрін бірден жеген. Біраздан соң ол өзін жайсыз сезініп, одан кейін не болғанын білмейді.

— Науқасты педиатрия бөліміне ауыстырды. Есі шыққан ата-ана дәрігердің баланың жағдайына қатысты қойған сұрақтарына жауап бере алмаған. Бақытымызға орай, біз уланудың себебін дереу анықтап, дер кезінде шаралар қолдандық, ал қазір бала үйге жіберілді, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, — дейді дәрігерлер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия