jasqazaq.kz

Атырауда енді қосжақтаулы ұлулар қырыла бастады

03 сәуiр 2019, 22:22

Олардың Жайық жағасында шашылып жатқандығын әуелі жергілікті тұрғындар көріп, тиісті орындарға хабарлапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Су жәндіктерінің жағада шашылып жату дерегі қала сыртындағы Көкарна елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағасында байқалыпты. Мамандардың айтуынша, олар 200 метрдей жерге шашылған. Салааралық комиссия өкілдері бір күнде 40 келіге жуық ұлуды жинап, олардың бір бөлігін сараптамаға жіберген. Сондай-ақ, сол жердегі судан да сынама алынған. Айта кетейік, мұндай дерек Жайықтың өзге бөліктерінде кездеспеген. Ал, аймақтағы тәуелсіз экологтар бұл нағыз экологиялық апаттың бастауы болуы мүмкін деген пікірде.

Шынар Ізтілеуова, «Таң» экологиялық ҮЕҰ жетекшісі:

— Бірақ, өкінішке қарай балықтан басқа мәселе айтылмай жатыр қазір. Моллюскілердің жағаға шығып қалуына – өзен түбінің ластануы себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл жәндіктер таза судың индикаторы саналады. Ішіп отырған суымыз ластанса, қатерлі ісік дерті, мүгедек болып дүниеге келетін балалар саны да көбеюі мүмкін. Сондықтан бұл дұрыстап көңіл аударуды талап етеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда