jasqazaq.kz

Атырауда емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрлағандар сотталды

16 шiлде 2021, 15:38

Атыраудағы емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрлағандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрланғаны хабарланған еді. Жақында аталған қылмыстық іске қатысты күдіктілерге сот үкімі шықты. «2019 жылы 25 желтоқсанда Д.Т. кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында Алматы облысының Талдықорған қаласында «Lab service plus 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеген. Содан кейін А.А. есімді азаматпен және сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталмаған белгісіз тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 2020 жылғы 13 шілдеде Алматы қаласында банктен шот ашып, банкоматтық карточка мен онлайн банкинг кілтін алған. Сол жылдың 3 тамызында белгісіз тұлғалар сағат 16:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта №1 Атырау қалалық емханасының қаржы-шаруашылық қызметінің ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, бухгалтерияның қашықтықтан ақпараттық қол жеткізу жүйесіне рұқсатсыз кірген. Онда емхана үшін жоқ төлемдер жасап, №1 Атырау қалалық емханасының есепшотынан «Lab service plus 1» ЖШС-тің есепшотына және сотталушы Д.Т.-ның жеке шотына COVID-19 қарсы күреске бөлінген қаражат есебінен 70 000 000 теңге ақшаны аударған. Кейін соңғысы ақшаны қолма-қол шешіп алып, №1 Атырау қалалық емханасына жоғарыда көрсетілген сомада мүліктік зиян келтірген»,-деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Д.Т. мен А.А. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4-бөлігі, 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескере отырып, Қылмыстық Кодексінің 55-бабының 2-бөлігімен Д.Т-ға — 6 жыл 6 ай, А.А-ға — 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия