jasqazaq.kz

Атырауда браконьерлік дерегімен 1500 іс қозғалды

20 ақпан 2020, 11:22

Атырау облысында браконьерлік дерегімен 1500 әкімшілік және қылмыстық іс қозғалды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «балық шаруашылығы саласын дамыту – басты міндеттің бірі» деп санайды. Осыған орай балық шаруашылығы басқармасына арнайы тапсырма беріп, әсіресе, браконьерлікпен күрес шарасына баса назар аударды. Өйткені балық шаруашылығын саланы дамыту үшін браконьерлікпен күрес маңызды рөл атқарады.

«Былтыр браконьерлік дерегі бойынша 1500-ге жуық әкімшілік және қылмыстық іс көтерілді. Сот арқылы 287 адам жауапкершілікке тартылды», — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Балық қорын көбейту үшін былтыр Жайық өзеніне 7,5 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді. Сондай-ақ, өткен жылы өңірде 15 464 тонна балық аулауға квота бөлінді. Квотаны игеру көлемі 84,7 пайызға орындалды. Енді биыл бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия