jasqazaq.kz

Атырауда балықтардың өлексесі тағы шыға бастады

25 ақпан 2019, 21:07

 

Атырауда қала маңындағы Перетаска өзегінен балықтардың өлексесі тағы да шыға бастады. Өткен аптада өңірде күн райының жылып кетуіне байланысты, өзектегі мұз ери бастаған болатын. Ал, мамандар болса, бұлардың өткен жылдан жиналмай қалған қалдықтар екенін айтып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Артур Сәдібекұлы, Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

— Балықтардан сараптама алынып, зертханаға жіберілді. Енді өздеріңіз байқап тұрғандай, мұздың шеттерінен ішінара-ішінара байқалады, судың ортасында шалажансар, немесе тұтас тақырыптар анықталып тұрған жоқ. Енді осы ретте біз жаңа айтқандай, сынамаларын алып, жедел іс-әрекет жасадық.Енді мұндай өлген балықтар, ішінара қатып қалған балықтар Жайықтан да байқалады.

Салааралық комиссия мүшелері кешелі бері жағадан 30 келідей табан, айнамкөз, мөңке секілді қара балықтарды теріп алыпты. Ал, өзектің орта жағына бару әзірге қауіпті көрінеді. Айта кетейік, Перетаска деп аталатын мына өзекте өткен жылы ұсақ балықтар қырылып қалған болатын. Су маржандарының сол кезде барлығының басы жұлынған, қабыршақтары зақымданғаны анықталған еді. Өзекке жауапты «Атырау жылу электр орталығының» мамандары сол кезде 1 тоннадан астам өлі балық жинап алған еді. Осы оқиғаға байланысты қазір қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде