jasqazaq.kz

Атырауда баласын қоқысқа тастап, үсіріп өлтірген мұғалім сотталды

05 қазан 2021, 13:05

Атырау облысында қақаған қыста баласын босанып, қоқысқа тастап кеткен безбүйрек әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Осы жылдың қаңтар айында Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы қоқыс жәшіктерінің бірінде жаңа туған сәбидің денесі табылған болатын. Жантүршігерлік оқиға кішкентай ауылды аяққа тұрғызып, кейін баланың анасы да табылады. Кіммен төсектес болғанын білмеген әйел босанғанын осылайша жасырмақ болған.

Ал үйіндегі күйеуі мен туыстарынан аяғы ауыр екенін жасырған. Әйел мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген.

Сотта өз кәнісін мойындап, отбасын сақтап қалғысы келгенін айтқан әйел, көз жасын көл қылды.

Сот-медициналық сараптамасы нәрестенің тірі туылғанын анықтады. Яғни нәресте үсіп өлген.

Безбүйрек ана ҚР ҚК 100 бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) кәнәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия