jasqazaq.kz

Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің шашынан сүйреген (видео)

07 сәуiр 2021, 11:01

Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені анық көрінеді. Бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата -ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінген. 21 жастағы келіншектің мектепке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.

«Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секундын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз», — деді Атырау облысы Жылыой аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Гүлжансара Таңатарова.

«Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия