jasqazaq.kz

Атырауда Азия чемпионын өлтіргендер сотталды (Видео)

05 мамыр 2021, 22:11

Атырауда Азия чемпионын атып өлтіргендерге сот үкімі шықты. Бас күдікті 15 жыл арқаласа, қылмысты жасырған сыбайласы да темір торға тоғытылды. Үкіммен екі тарап та келіскен жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оққа ұшқан спортшының ата-анасы қаскөйдің экс-полицей екені айтылмады десе, ауыр жаза арқалаған сол азаматтың туыстары әділ шешім шықпады деп сот залында шу шығарды.

— Иә, дәлелденген жоқ әлі. Қойшы! Сот әділ өткен жоқ!

Бүгін сегіз айға созылған қылмыстық іске соңғы нүкте қойылды. Греплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қанды қылмысты жасырмақ болып қаруды суға лақтырып жіберген сыбайласы Бейімбет Дүйсенғалиев 3 жылға сотталды.

Тыныштық Нұрымова, Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

— Сотталған Мағзұм мен Дүйсенғалиевтен мемлекетті пайда жүргізу шығыны 715 712 теңге. Әрқайсына үлес тәртібімен 357 856 теңгеден өндірілсін. Мағзұмның жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғыры мекемесінде өтелу белгіленсін.

Ал қайғыдан қан жұтқан спортышының ата-анасы сот үкімімен келіспейтінін айтты. «Жеңіл жазамен құтылды» деген ата-ана сотталушы тергеушілермен ауыз жаласқан деген күдікте. Өйткені қылмыс жасаған қос азамат та бұрынғы полиция қызметкерлері дейді. Марқұм Есенбек Сиғуатовтың әкесі сот залында баласының өліміне қатысты ең маңызды нәрселер айтылмай қалғанына сенімді.

Тоқсанбай Оразғали, марқұмның әкесі:

— Біреуі бір айдай жасаған, ана Мағзұм Бекет. Мынау қызметкер болып кеткен. Жаңа сұрадым ғой. Осыған дейін қызметкер болып келген. Үкім шығарарда жұмыстан шығып кеткен болып қалған. Ол неге айтылмай қалды? Мен келіспеймін.

18 жастағы Азия чемпионын былтыр тамызда өлтіріп кеткен. Марқұм Есенбек Сиғуатовты қала маңындағы төбелесте атып тастаған. Оны Мағзұм Бекет аңшы мылтығымен дәл жүрегінен атқаны сотта толық дәлелденді. Алайда басты қылмыскердің туыстары бұл үкіммен келіспейміз деп отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия