jasqazaq.kz

Атырауда автобустарға Ashyq енгізілді

05 тамыз 2021, 11:53

Атырауда қоғамдық көліктерде жолаушыларды Ashyq арқылы тексере бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Жолаушылар Ashyq-та смартфон мен қосымша көмегімен тексеріледі, бірақ қолында телефоны жоқ адамдар да автобустарға жіберіліп жатыр. Тұрғындар егер тексерілмеген адамдар да автобусқа жіберіліп жатса неліктен тексеріс жүргізіліп жатыр деген ойда.

«Қоғамдық көлікке жолаушыларды отырғызу Ashyq қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі. Смартфоны мен Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылар да автобусқа жіберіледі. Бұл жоба халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін анықтау үшін қосымша шара ретінде енгізілді. Өйткені, қоғамдық көлік адамдардың көп жиналатын орындарының бірі», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

Алайда көп адам мұндай шараны тиімсіз деп отыр. Себебі, өз жағдайына күмәнмен қарайтындар бұлай тексеруден өтпеуі де мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия