jasqazaq.kz

Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жарамсыз планшет таратылған

14 қазан 2020, 22:51

Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға тегін берілген планшеттердің бірсыпырасы жарамсыз болып шықты. Жаңа оқу жылы басталып кеткеніне қарамастан оқушылар әлі күнге онлайн оқуға дұрыс қосыла алмай отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тегін берілген екі мыңға жуық планшеттің ішінен 166-сының техникалық ақауы бар. Оған қоса жаңа оқу жылы басталғанға дейін Атырауға жеткізілуі тиіс 1925 дана компьютер 16 мыңға жуық ноутбук әлі әкелінбеген. «Демек осынша баланың онлайн оқуға қолы жетпей жүр деуге негіз бар», — дейді құзырлы орын өкілдері. Ал жарамсыз планшеттердің бір жылға кепілдік мерзімі бар. Сапасыз өнімге тапсырыс беріп аузы күйген облыстық білім басқармасындағылар енді алғандарын қайтарып, жаңасын ауыстырып алуға талпынып жатыр. Бірақ ол құралдардың Атырауға қашан жеткізілетіні белгісіз.

Айдос Мамыт, Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

— Қазан айының ортасынан асып бара жатыр, бірінші тоқсанның бітуіне де жақын. Онлайн форматтағы оқудың қазіргі қиыншылықытарын біле отырып, бұл планшеттер оқушыларға көмек болған. Енді осы екінші сұрақ әлі де ашық тұр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде