jasqazaq.kz

Атырауда әйел құрбысының сейфінен 54 млн теңге ұрлап кетті

02 қараша 2021, 16:07

Атырауда әйел құрбысының сейфінен 54 миллион теңге ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір аптаға жуық уақыт бойы үйінде болмай, басқа қалаға кетіп, ал келгенінде сейфтегі 54 миллион теңгесі ұрланғанын көрген 45 жастағы азаматша дереу полицияға хабарласқан. Ұры сейфтен 54 млн теңгені алып, 2 млн теңгені сейфте қалдырған.

Полицейлер барлық бейнекамераларды тексерсе де, ұрлыққа қатысты дәйек таппады. Алайда оқиғаға дейін пәтерге келіп, қонақ болып жүргендер арасында жәбірленушінің 42 жастағы құрбысы күдік ұялатқан. Тергеп-тексеру амалдары барысында күдіктінің қомақты қаражатпен Алматы қаласына кеткендігі анықталды.

Полиция қызметкерлері ұстау барысында әйелден 36 миллион теңге тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Атыраулық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, іс-құжаттарын сотқа жолдады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде