jasqazaq.kz

Атырауда 4 жүргізуші көлігімен мұз үстінде жүрген

12 қантар 2021, 16:37

Атырауда Жайық өзенінде қатқан мұз үстінде көлігімен жүрген төрт жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атырау қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера инспекторлары қауіпсіздік шараларының сақталуын да қадағалап отырады.

Мақсат –Жайық өзенінің үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғаның алдын алу. «Жыл басынан бері Жайық өзеніндегі мұз үстімен автокөлікті жүргізген 4 жүргізуші анықталды. Сондай жүргізушінің бірі 10 қаңтарда сағат 15:40 шамасында Жұмыскер елді мекеніндегі көпірдің тұсында ұсталды. 36 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы автокөлігімен мұз үстімен жүрген», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция қызметкерлері 4 жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бұзу туралы Кодексінің 620-бабымен (жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия