jasqazaq.kz

Атырауда 4-сынып оқушылары әлімжеттік кесірінен мектепке барудан бас тартқан

11 қазан 2022, 11:53

Атыраудағы мектептердің бірінің 4-сынып оқушылары әлімжеттік кесірінен сабаққа барудан бас тартқан. Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары өздерін қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлейтінін айтқан. Ата-аналар шындықты оқушылар уланғаннан кейін ғана білген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының бірінің анасы 4-сыныпта оқитын ұлының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және рұқсатсыз әкесінің әмиянынан белгілі бір соманы алып кеткенін байқағанын, екі күн бұрын ол басы айналып, есінен танып қала жаздағанын жазған.

«Полиция қызметкерлері түскен ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды.

Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды. Ол суда еритін сусын болып шыққан», — деп түсіндірді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, білім беру мекемесі басшылығына мектеп оқушыларының ата-аналары да өтініш білдірген екен. Әкімшілік мектеп жанына орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан, алайда күдікті ештеңе табылмаған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр