jasqazaq.kz

Атырауда 3 ай айлық алмаған жұмысшылар бас көтерді

14 желтоқсан 2021, 11:54

Атырауда Caspian Contractors Trust жұмысшылары бас көтерді. Оған себеп қызметкерлері қыркүйектен бері жалақыларын ала алмай отыр. Бұл туралы Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады.

Зауыт қызметкерлері тапсырысты артығымен орындағанын айтып, алайда тиісті еңбекақысын ала алмай отырғанына шағымданды. Сондай-ақ уақытында зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер аударылмаған.

– Отбасымды, үйді көрмегеніме 1 айға жуық болды. Бірақ үйге не деп барамын? Тіпті үйге жету үшін де жолақым жоқ. Алда Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр, лауазымды адамдар біздің жалақымызды шешіп берсе болды, басқа ештеңе сұрамаймыз, – дейді зауыт қызметкері Рүстем Тілеков.

Компания басшылығы бұл мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартты. Ал Еңбек инспекциясының өкілдері жалақының кешіктірілуін компания есепшотының бұғатталуымен түсіндірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде