
27 наурыз сағат 12:00 жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 3 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жарияланды. 27 наурыз, сағат 12.00-дағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында анықталды. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында — 60 адам, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында — 4, Атырау облысында – 3, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында — 3, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Ақмола облысында — 1 адам, жалпы 121 науқас тіркелді.