jasqazaq.kz

Атырауда 18 жастағы сарбазды соққыға жығып, көпірден лақтырып жіберген

19 қантар 2022, 13:52

Атырауда тәртіпсіздік кезінде 18 жастағы сарбазды соққыға жығып, көпірден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, рұқсат етілмеген митингтер кезінде 5546 әскери бөлімінің 18 жасар сарбазы жараланған. Жас жігіт өзін 6 адамның соққыға жыққанын көрген.

«Ол сондай-ақ басқа сарбаздардың да қалай соққыға жығылғанын көрген. Алты жігітке қарсы төтеп бере алмайтынын білген солдат кейін шегінуге тырысады. Алайда арт жақта автокөлік көпірі болған. Бір топ адам 18 жастағы жасөспірімді көпірден лақтырып жіберген. Сарбаз мұзға құлап кеткен», — дейді полиция өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, сарбаз оқ өтпейтін жилет пен касканың арқасында ғана тірі қалған.

«Алты адамды санап үлгердім. Маған не істейтіндерін түсінбедім. Олар мені ұрып жатқанда «өлтіру керек» деген сөз айтылды. Мен шаруам біткен екен дедім. Көпірден құлап кеткен соң есімнен танып қалыппын. Кейін оянсам, айналамда ешкім жоқ екен. Орнымнан әрең тұрып, жолға шығып, көлікті тоқтаттым. Әскери бөлімге жетіп, сол жерден госпитальға жатқызылдым. Қазір жағдайым жақсы», – дейді сарбаз.

Полицейлер мәліметінше, Атырау облысы әкімдігінің алдында болған тәртіпсіздіктер кезінде 49 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 28 сарбазы түрлі дене жарақатын алған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр