jasqazaq.kz

Атырауда 16 жасар бозбала нөмірі жасырылған көлікті жүргізген

07 қантар 2021, 10:30

Атырау қаласында мемлекеттік нөмірі медициналық маскамен жасырылған көлікті жүргізген 16 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, патрульдік полиция қызметкерлері 4 қаңтарда Владимирский-Луговой көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірі медициналық маскамен жасырылған «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан. «Тексеру кезінде бұл көлікті 16 жасар жасөспірім жүргізгені анықталды. Жасөспірімге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа жолданып, автокөлік айып тұрағына қойылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, жасөспірімге аталған кодекстің 612-бабының 4-бөлімімен 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал, оның ата-анасына осы құжаттың 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия