jasqazaq.kz

Атырауда 16 қабатты тұрғын үй өртенді

22 қантар 2020, 13:15

Атырауда 16 қабатты үйде электр кабельдері жанып, тұрғындар эвакуацияланды.Бұл туралы  ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«22 қаңтар күні сағат 02.46-да Атырау қаласының «101» пультіне Алмагүл шағынауданындағы 16 қабаттты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 9-дан 12-інші қабат аралығындағы кабельді каналда электр сымдары жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға және жалынды сөндіруге дереу кірісті. Мәселен, саты арқылы 10 адам құтқарылды, оның 4-еуі – балалар. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і – балалар», — деді ТЖК-дан.

Тілсіз жау 03.40-та толығымен ауыздықталды. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Атап өтілгендей, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 21 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық