jasqazaq.kz

Атырауда 13 автобус арнайы тұраққа қойылды

13 желтоқсан 2022, 14:19

Атырау облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс -шарасы өтті. Басты мақсат жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау,жолаушылар тасымалы мен қауіпсіздігін арттыру қажеттілігіне аудару болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс департаменті хабарлағандай, іс-шара кезінде, яғни 5-11 желтоқсан аралығында автобус және такси жүргізушілеріне қатысты 1214 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

көлік құралын рұқсатсыз жабдықтаған-33;
заңсыз жолаушы тасмалымен айналысқан-4;
демалу режимін бұзған-7;
техникалық талаптарды бұзу-169;
рейс алдында техникалық және медициналық тексерістен өтпеу-23;
көлік құралын ұялы телефон қолдана басқару-114;
жылдамдықты шамадан тыс асырған-148 ;
маневр қағидасын бұзу-136;
жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 3 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар арнайы тұраққа 13 автобус қойылып, 27 қоғамдық көліктің техникалық талаптарға сай келмеуінен және көлік құралын басқарудан шеттету бойынша мемлекеттік белгілері түсірілді.

Сондай-ақ, автобустарда өрт қауіпсіздігін артыру мақсатында 1560 автобустардың жылыту жүйелері тексерілді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр