jasqazaq.kz

Атырауда 121 мың тонна өлі балық жиналды

17 наурыз 2019, 19:37

Атырауда екі айлық қаланы санитарлық тазарту жарияланды. Бұл туралы ҚР Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырауда өткен сенбілікте өзен жағалауынан 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды «Таза жағалау» сенбілігіне 2600-ден астам тұрғын қатысып, 9 бірлік арнайы техника тартылған. 16 наурызда Нұр Отан партиясы Атырау филиалы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті. Бүгінгі таңда 121,7 тонна өлі балық жиналды, оның ішінде 103 тонна бекіре зауыттарының балықтары. 100 тоннаға жуық өлі балық өртеу арқылы жойылды. Жиналған балықтардың бір бөлігі тоңазытқыштарда заттай дәлел ретінде сақталады. Ауқымды шараға 2600-ден астам қала мен селолық округтердің тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты. «Сенбілікке қатысқандар қатары көп болды, 52 тонна қоқыс жиналды. Келесі жолы да барлық тұрғындарды осы бастаманы қолдауға, жағалауды тазартуға қатысуға шақырамыз», — деді Азаматтық орталықтың медиа бөлімінің меңгерушісі Сымбат Жандарбек. Сонымен қатар, сенбілік қортындысы бойынша 4,3 тонна өлі балық жиналды, балықтардың салмағы есептеліп, қылмыстық іс материалына тіркелді. 10 желтоқсан 2018 жылдан бастап «Казгидромет» РММ Жайық өзеніндегі су жағдайына мониторинг жүргізіп келеді. Зертханалық сынамалар ластанудың жоғары және өте жоғары деңгейін көрсеткен жоқ. Қазір Қазгидромет мониторинг аясында штаттық режимде апта сайын сынама алып отыр. Су сынамасын Экология департаменті мен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті де жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 200-ден астам сынама алынды. Бұл өзеннің жағдайына мониторинг үшжақты жүргізіліп жатқанын және өзен жағдайы қалыпты екенін көрсетеді. Айта кету керек, қырылған балықтардың басым бөлігі (102,862 тонна) жасанды түрде өсірілген, яғни өзендегі бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяциясына қатысы жоқ. Жайықтағы балық қорының табиғи популяциясына жиналып алынған жалпы салмағы 11,3 тонна частик тұқымдас балықтар жатады. Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп тұрақты түрде аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды дайындауда. Жағдайға мемлекеттік органдармен бірге Нұр Отан партиясының облыстық филиалы, Атырау облыстық әкімдігі мониторинг жүргізіп отыр. Нұр Отан партиясының филиалымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қадағалау комитеті қызметкерлері сауда орындарындағы балық сататын нүктелерге күн сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 миллион теңге бөлді.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда