jasqazaq.kz

Атырау тұрғыны үш миллион теңге айыппұлы бар көлік сатып алған

08 маусым 2022, 10:41

Атырау қаласының тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық айыппұлы бар көлікті сатып алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырау полициясы Грузия елінде тіркелген темір тұлпардың 106 рет жол ережесін бұзғанын анықтаған.

Ал «Toyota Highlander» автокөлігінінің иесі мұны жол полициясы тоқтатқанда бір-ақ білген. Ол көлікті тек 2-3 күн бұрын ғана сатып алғанын айтқан. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнаулы тұраққа қойылды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

«Көлік айыппұлды толық төлегеннен кейін ғана қайтарылады. Жыл басынан бері Атырау облысында шетелдік нөмірлі көліктермен жол жүру ережесін бұзудың 12 570 дерегі тіркелді. Полицейлер көлік сатып аларда алдын ала құжаттарды тексеруді сұрайды», — деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр