jasqazaq.kz

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды (Видео)

27 сәуiр 2022, 11:38

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) сатуға тырыс­қан.

Бұл туралы 12 сәуір күні полицияға жед­ел ақпаратты Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі аталған әскери көлік табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта атал­ған факті бойынша ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейі­нгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, Атырау облысы Полиция департаменті атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын жүргізуде.

Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр