jasqazaq.kz

Атырау тұрғыны 65 рет жол ережесін бұзған

20 қантар 2020, 18:11

Атырауда шетелдік нөмір таққан көліктің жүргізушісі 65 мәрте жол қозғалысы ережесін бұзған. Енді қалалық тұрғын 800 мың теңге айыппұл төлейді деп хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда орнатылған «Интер Цептер» жүйесі өткен жылы армениялық нөмір таққан Toyota Camry көлігі 65 рет жол ережесін бұзғанын тіркеді.

30 жастағы қала тұрғынының жылдамдықты асырып, «стоп сызығын» кесіп өткені анықталды.

Соның салдарынан есепте жоқ көліктің қайда екені анықталғанға дейін 800 мың теңгенің айыппұлы жиналып үлгерген.
Ведомство 2019 жылы облыс орталығының өзінде шетелдік нөмірмен жүрген 35 мыңға жуық көлік жол ережесін бұзғанын жеткізді.

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ны құрайтынын, сонымен қатар көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

nur.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия