jasqazaq.kz

Атырау тұрғындары ұрылардың кесірінен үйлеріне кіре алмай отыр

18 мамыр 2019, 12:10

Атырау маңындағы бүтін бір елді мекеннің тұрғындары ұрылардың кесірінен жарыққа зар болып отыр. Зарослый ауылына электр энергиясы тұрғындар көшіп келе бастағаннан-ақ тартылыпты. Бірақ, ауыл халқы үйлерін салып бітіреміз дегенше, мұндағы электр сымдары қолды болған. Қазір тек қираған трансформатор мен кесілген желісі желмен ойнаған электр бағандары қалған. Сол себепті қазір мұнда үйін бітіріп, кіре алмай жүрген тұрғын мен құрылысы тұралап тұрған баспана көп. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ұры-қары енді құрылыс материалдарына да ауыз сала бастапты. Осындағы 100 шақты отбасының аманатын арқалап шыққан мына топтың айтуынша, олар бастарында үйі бола тұра, қаладан пәтер жалдауға мәжбүр. Өйткені, мұнда инфрақұрылым атымен жоқ. Атқан оқтай түп-түзу болып тартылған электр бағандары мұнда бір кездері өркениет нышандары болғанынан хабар береді. Өкінішке қарай, желілерін әлдекімдер кесіп алып кеткен. Енді қазір халықтың жарықсыз отырған жайы бар.

Айтөре Ғабдолғалым, Зарослый ауылының тұрғыны:

— 2017 жылы үй салып бітіріп қойып едік. Енді көшіп келейік десек жарық жоқ, сондықтан көше алмай отырмыз. Қазір бала-шағаммен пәтер жалдап отырмын. Бір балам мүгедек.

Ал, пәтер жалдауға шамасы келмейтіндер толықтай бітпесе де осындағы баспаналарында тұрып жатыр. Табан ақы, маңдай термен табылған дүниелерінің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқандығына ашынған халық көмек сұрап жауапты деген біраз орынға барыпты.

Раушангүл Шарғабаева, Зарослый ауылының тұрғыны:

— Біз барлық жерге бардық. Жеке кәсіпкерден тоқ тартып алып едік. Алыс болғандықтан тоқ дұрыс жетпейді. Кешкісін сығырайып қалады.

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мамандарының айтуынша, 2012 жылы мердігер мекеме аталған елдімекенге электр желісін түгелдей тартып, оны жергілікті әкімдік қабылдап алған. Бірақ, арада апта өтпей жатып, «Атырау Жарық» мекемесі не себепті екені белгісіз, тоқ беруді тоқтатқан. Іле-шала тонау басталған.

Бауыржан Ихсанов, Атырау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

— Тонайтын ештене қалған жоқ. Қазір мәслихаттан кері қаражат сұратып жатырмыз. Қаражат көзі бөлінгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары іске асырылады.

Әкімдіктегілер әзірше осындай сырғытпа жауаппен құтыла тұрғанымен, олардың құлағына жуықта тыныштық болмайтын секілді. Өйткені, мұнда электр энергиясынан бөлек, су, жол мәселесі де шешілмеген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда