jasqazaq.kz

«Атырау су арнасы» жұмысын тоқтатты

01 қантар 2020, 13:03

Жайықта балықтың қырылуына себепкер болған «Атырау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмысын тоқтатады  мекемеге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Кәсіпорын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсетпейді. Бұл қызметтер «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына беріледі. Осы күннен бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсету жөніндегі келісімшарт бұзылып, «Атырау обьлысы су арнасы» кәсіпорнымен қайта жасалады. Осыған байланысты келісімшартты мақұлдап, өзекті ақпарат ұсынуды өтінеміз. Ал коммуналдық қызметтің ақысын 1 қаңтардан бастап «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорнына төлейсіздер» делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Жайық өзенінде балық жаппай қырыла бастады. Жайық-Атырау бекіре зауыты бекіре тұқымдас балықтардың жартысын жоғалтты. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің тауарлы бекіре өсіретін балық зауытында 101 тонна балық өлген. Жалпы 110 тонна балық қырылды. Жайықтағы популяция әлі күнге дейін қалпына келмеді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына кінәлі тарапқа үкім шықты . Айыпталушылар қатарында қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Атырау су арнасы» КМК бұрынғы басшылары бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде