
Атырауда перинаталды орталықтың 28 дәрігері қызметінен кету туралы өтінішке қол қойды.
«Перинаталды орталықтың 31 дәрігері өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Үш адам өтініштерін кері қайтарып алды. 28 адамды жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қойылды. Бірақ олар 7 қарашаға дейін жұмыс істейді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Танбаева.
Оның айтуынша, дәрігерлердің жұмыстан босатылуы перинаталды орталықтың жұмысына әсер етпеуі керек.
«Біздің облыстың гинекологиялық қызметіне көмек көрсету туралы басқа өңірлердегі әріптестерімізбен келісім бар. Қалада қазірдің өзінде мамандар жұмыс істейді. Дәрігерлердің басқа тобы келеді. Басқа шаралар қабылдануда», — дейді Гүлнафиз Танбаева.