jasqazaq.kz

Атырау: Перинаталдық орталықтағы сәби өлімінде сұмдық дерек анықталды

02 қыркүйек 2020, 20:35

«Алла кешірсін» деп айуандық жасаған. Атыраудағы перинаталдық орталықтағы сәби өліміне қатысты тағы бір сұмдық дерек анықталды. Шарананың тағдырын ақылдасып шешіп, баланы мұздатқышқа салғандар телефон арқылы «бізді Алла кешірсін» деп, қылмыс жасағандарын білген. Бұл туралы сот процесіне куәгер ретінде қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі тәптіштеп айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Атыраудағы жантүршігерлік оқиға өткен жылдың 29-қыркүйегінде болған. Пееринаталдық орталықта дүние есігін ашқан сәби еш қимылдамағандықтан, өлі туылды деп құжат толтырылған. Алайда баланы мұздатқыш камерасына алып келгенде оған жан біте бастаған. Бірақ құжаттардың шатасуын қаламаған дәрігерлер оны сол күйінде мұздатқышта қалдырады. Жасырын тергеудің нәтижесін алға тартқан куәгердің мәліметінше, күдіктілер баланы қалай өлтірудің жолын таңдап, соңында мұздатқышқа салуды жөн деп тапқан. Алайда қорғаушылар күдіктілер баланы алдын ала өлтіруге келіспегенін айтады. Бірақ куәгер телефондағы әңгіменің стенограммасы мен филологиялық сараптаманың қорытындысын мысалға келтірді. Онда перзентхана қызметкерлерінің өзара ақылдасқаны, соңында «бізді Алла кешірсін» деген сөз бары айтылған. «Демек, олар қандай іске барғанын білген», — дейді куәгер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия