
Атырау-Орал тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18.50-де Махамбет облысы аумағындағы тасжолда болған. КамАЗ бен ВАЗ-21015 соқтығысқан. Нәтижесінде көліктің 31 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ оның 67 және 43 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды.
ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша соталды тергеу басталды.