jasqazaq.kz

Атырау облысының энергетика басқармасы бәсекелестік талаптарын бұзған

06 сәуiр 2021, 12:02

Атырау облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алу кезіндегі әрекеті бәсекелестікті шектеулерге алып келді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Басқарманың бәсекелестікке қарсы әрекеттері ҚР «Мемлекеттік сатып-алу туралы» Заңының 39-бабы 3-бөлігі 36-тармақшасын негізсіз қолдану арқылы 2020 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен облыс аумағындағы газ тарату құбырлары мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету бойынша бір көзден тікелей шарт жасақтау кезінде орын алды. Бұл ретте, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, магистралдық газ құбырлары бойынша ұлттық оператор ретінде анықталған, ал газ тарату құбырлары арқылы қызметтерді жүзеге асыру бәсекелі орта болып табылады. Кодекстің 199-бабымен көзделген тәртіпте, Басқарманың мекен-жайына әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарылды және Хабарлама алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия