jasqazaq.kz

Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуы туралы пікір білдірді

14 желтоқсан 2021, 11:48

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін мойындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Хаменованың орнын ешкім алған жоқ. Оның қызметі әкімнің орынбасарлары арасында бөлінген. Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын (Хаменоваға тағылған айыптар бойынша — ескерт.), қазір тергеу жүріп жатыр», — деді Досмұхамбетов Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Хаменова ұсталғанын естігенде «әрине, ренжідім» деп жауап берді әкім.

Ол қамауға алынғаннан кейін Хаменовамен байланыспағанын және құқық қорғау органдары оны жауап алуға шақырмағанын түсіндірді.

Әкім жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді.

«Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. (…) Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны Мемлекет басшысы қабылдайды», — деді Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық дауынан кейін Атырауда Абай ескерткішін орнату жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін.

«Ескерткіш туралы шешім, қателеспесем, 2016 жылы қабылданған. Пандемия кезінде жұмысты жүргізе алмадық, ескерткішті биыл орнату жоспарда бар еді. Иә, уақыты созылуы мүмкін немесе созылмайды. Тергеу әсер ете ме, айта алмаймын», — деп жауап берді әкім.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді