jasqazaq.kz

Атырау облысында жүк көлігінен секірген әйел мерт болды

25 мамыр 2021, 17:55

Атырау облысында «ГАЗельден» секірген әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 23 мамырда сағат 18:30 шамасында «Атырау-Индер» жолында болған. Жүргізуші «ГАЗель» көлігінен түтін шыққанын байқаған. Сол себептен қасындағы жолаушы – 1969 жылы туған әйелден көліктен секіруін өтінген. «Жүріп келе жатқан «ГАЗельден» секірген әйел көліктің астына түскен. Жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Қазір тергеу басталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде