jasqazaq.kz

Атырау облысында жол жабылды

27 желтоқсан 2021, 12:56

Атырау облысында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 00:30-да Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына, нақтысында көктайғаққа байланысты А-28 «Атырау — Индер» облыстық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді. «Аталған бағыттағы жолдың Бесікті ауылынан Индербор кентіне дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылған еді. Бүгін 27 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10: 00-ден бастап автокөліктердің барлық түрі үшін жол ашылды. Бірақ, сағат 08:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, облыстық маңыздағы «Миялы кенті-Сағыз станциясы» учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды. Жолдағы көктайғаққа байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан жолда абай болуды, тыныштық сақтауды, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауды сұрайды», ‐ деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр