jasqazaq.kz

Атырау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

23 маусым 2019, 13:36

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 22 маусым күні Индер ауданында болған жол апатынан қаза тауып, зардап шеккендердің жалпы саны — 8.

Бұған дейін үш адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алғаны айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан, Индербордағы аудандық ауруханаға барар жолда тағы бірі қайтыс болды. Ауруханаға зардап шеккен 5 адам жеткізілді. Ауданға хирург пен реаниматолог жіберілді», — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Индер ауданының Индербор ауылында болды. «Тойота» және «Лексус» автокөліктері соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болды, ал төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аймақтық полиция демпартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы негізінде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, мамандар зардап шеккендерді санитарлық авиациямен Атырауға жеткізу туралы шешім қабылдаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде