Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, 8 адам ауруханаға түсті

04 шiлде 2022, 9:57

Атырау облысында бір күнде екі жол апатынан жүргізуші мерт болып, 8 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 3 шілдеде екі жол апаты болған.

«Жол-көлік апатының біреуі таңертеңгі сағат 09.00-де «Доссор-Құлсары-Бейнеу» автожолының 105-шақырымында «Нiger» автобусы мен «Toyota Camry»маркалы көлігі соқтығысқан. Көлік апатының салдарынан автобус жол жиегіне аударылып қалды. Автобустың алты жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушылар жедел жәрдем бригадасының көлігімен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал, кешкі мезгілде «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тас жолдың 590-шақырымында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Аталған жолдың бойында «Lada Priora» маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің артқы бөлігіне соғылды. Жеңіл көлік соққының екпінімен жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Сөйтіп, қарсы бағыттағы «Lada» маркалы көлігімен түйіскен. Жол-көлік апатының салдарынан «Lada Priora» көлігінің рульінде отырған 22 жастағы жүргізуші оқиға орында мерт болды. Ал, әртүрлі дене жарақатын алған «Lada» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір полиция қызметкерлері екі жол-көлік апатына қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғаларының бірнеше себебі бар.

«Біріншіден, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, екіншіден, жаяу жүргіншілерді қағу, үшіншіден, жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу, төртіншіден, жылдамдықты шамадан тыс асырып, арақашықтықты сақтамау. Мәселен, облыс аумағында жыл басынан бері жылдамдықты шамадан тыс асырған 153 мыңнан астам, қарсы бағытқа шыққан 130-дан астам, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 800-ден астам, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту кезінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі анықталып отыр», -дейді Ерлан Биғамбаев.

17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды
11 сәуiр, 15:25
Түркістан полициясы жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді