jasqazaq.kz

Атырау облысында жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша тергеу басталды

30 шiлде 2020, 12:20

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың мәлімдемесінен кейін прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысында жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу дерегі бойынша тергеу бастады.

«Ақ жол» демократиялық партиясына «ОралМедРегион» ЖШС директоры Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының лауазымды басшыларының үстінен шағым түсірген.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған ЖШС-мен республикалық бюджет есебінен 598 миллион теңгеге 45 бірлік жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша келісім-шарт жасасқан. Алайда келесі күні шешім аяқ астынан өзгерген. Кәсіпорынға келісім-шарттың бұзылатынын жөнінде хат келген. Себебі, қаржы министрлігінен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алуды жергілікті бюджет есебінен жоспарлау туралы хат келген», — дейді Атырау облысының прокуратурасы.

Бұл факті бойынша облыстық прокуратура өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты істі тергеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тиіс материалдарды берді.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігі Оралдағы компанияға жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізуден бас тартқанын айтып, премьер-министрге хат жолдағанын мәлімдеген болатын.

Депутат жасанды тыныс алдыру аппаратының отандық өндірушісі оларды Атырауға жеткізу бойынша келісімге келгенін, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі келісімшартты бұзуды талап етіп отыр, себебі олар жасанды тыныс алдыру аппараттарын Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып алып жатқанын айтқан болатын.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде