jasqazaq.kz

Атырау облысында заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынған

03 ақпан 2018, 15:34

Атырау облысында заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, өткен жылы су полициясы мен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы екі мыңнан аса заң бұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар, 125 қылмыстық іс жүргізіліп, 35 миллион теңгеге жуық айыппұл төленді. Заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынды, оның 2 735 тоннасы бекіре тұқымдас балықтар.

«Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы балық аулайтын кооперативтердің күзгі маусымда лимитті игерулері үшін шара қолданды», — дейді мамандар.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір ресми ауланған балықтың көлемі 10 мың тонна болып отыр, ал бейресми мәлімет бұдан да көп.​

«Мен кооперативтердің заңсыз балық аулауды қолдап отырғанын нақты айта аламын. Сіздер заңды қатайту керек дейсіздер, бірақ браконьерлердің қылмыстық жолмен аулаған балықтарын қабылдайсыздар. Бұлай болмайды. Жауапты адамдар аймақтағы барлық балық аулайтын мекемелерге бақылауды күшейтулері қажет», — деді Нұрлан Ноғаев өңірде өткен жиын барысында.

Сонымен қатар, аймақ басшысы браконьерлерден тәркіленген көлік құралдарына қатысты мәселе әлі күнге дейін заңды тұрғыда реттелмегеніне тоқталды.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды