jasqazaq.kz

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды

06 наурыз 2021, 10:33

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның, соның ішінде 1 баланың денесі табылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында болған.

«Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алдына ала болжам бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия