jasqazaq.kz

Атырау облысында терезесі жоқ мектеп бар (Видео)

13 қыркүйек 2021, 12:48

Терезесі жоқ мектеп. Атырау облысында дәл осындай білім ордасы бар. Мұнайлы өңірдегі ерекше жобамен салынған ғимараттың ішінде шәкірттерге ауа жетпей, жүректері қысылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Аналар балаларымызды білім ордасында тұңшықтырып жатыр деп арыздануда. Желдеткіштің жұмыс істемеуінен балалардың денсаулығы да сыр бере бастаған.

– Мектептің іші ыстық. Ауа жоқ. Кеше сабақты бір күн далада, бір күн қайтып іште оқиды. Бүгін келіп тұрған себебім балам ауырып жатыр, қалшылдап. Үйге келгенде майкасын шешіп аламыз, кәдімгідей сығып алатындай су болып келеді, дейді ата-аналардың бірі.
Бұл мектеп пе әлде жылыжай ма? Ол жағы жобаны жасаған сәулетшіге мәлім болар. Анығы ғимаратта 50 сынып болса, соның қырығында терезе төбесінде орналасқан. Күн шыққанда, көлеңке табу былай тұрсын, оқушылар демалуға ауа таба алмай қиналады екен.

– Баяғыда кондерға да ақша жинадық. Бұнымен кондерда үйлеспейді. Стенасы кондер құруға келмей ма, сондай бірдеме. Винтеляторда барлығын алдық. Түрін істедік осы мектепте. Қазір ішіне кіріп нормасын өлшеп қараңыздар, слишком көп нәрсеге, нормасына сәйкес келмейді. Акимат алдыңғы жылы бөлеміз деп талай рет ата-аналардың құлағына лапшаны ілді, дейді тағы бір ата-ана.
Індет өршіп тұрған сәтте, жабық бөлмеде ауаның алмаспауы ата-аналарды алаңдатуда. Эпид ахуалға байланысты аудандық санитарлық мамандар білім ошағын тексеріпті. Бірақ, шыжыған ыстыққа емес, басқа нәрселерге мән беріпті.

Талғат Хабибуллин, Жылыой ауданының бас санитар дәрігері:

Ол кезде тек қана Ковид-ке байланысты ішіндегі барлық жағдай антисептик, дизенфекциялық құралдардың қоры, ара-қашықтық сақталды ма, қалай оқу барысы жүреді, кіріп-шығу есіктері бойынша тексеріліп, талапқа сай екенін тексерілді.
Бүгінде 1200 оқушыға арналған мектепте 700-ге жуық бала білім алуда. Басым бөлігі ыстықтың кесірінен басқа мектепке ауысып кеткен. Жергілікті шенеуніктер келеңсіздікті шешеміз деп отыр.

Гүлжансара Таңатарова, Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда осы желдеткіштерді құру, орналастыр туралы сметалық-жобалық құжаттамасы жасалып, күні ертең ол мемлекеттік веб-порталға беріледі.
Атырау облысында осындай терезесі төбесінде, өзі бес бұрышты ерекше дизайндағы екі мектеп бар екен. Екінші нысанның жағдайы қандай екенін белгісіз. Жылыой ауданындағы ғимараттың желдету жүйесіне жылдам жөндей жасау керек дейді жергілікті тұрғындар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық