jasqazaq.kz

Атырау облысында темір сауытты жауынгер табылды

08 қазан 2020, 21:03

Атырау облысында Миялы қорғанынан теңдесі жоқ темір сауытты жауынгер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық тарихи өлкетану музейі мамандары Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандар тобынының 3-қорғанына жасаған археологиялық қазба жұмыстары барысында қару-жарағымен жерленген жауынгерді тапты. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, жауынгердің сүйегін көрді.

«Басынан аяғына дейін өте ерекше үлгідегі темір сауытпен жабдықталған адам қаңқасының ұзындығы — 175 см. Ал табылған қабірдің ұзындығы – 2 м 40 см, ені — 80 см. Сондай-ақ, мүрдемен бірге ұзындығы 1 метр болатын семсері, жебе ұштары мен қорамсағы, қалқаны, патера, ат әбзелдері және тағы да басқа көптеген жәдігерлер табылған. Зерттеу жұмыстары халықаралық дәрежедегі қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбековтің басшылығымен жүргізілуде», делінген хабарламада.

Қырым Алтынбековтің айтуынша, мұндай тарихи жәдігер өте сирек кездеседі. «Табылған сүйекті «темір адам» деп атауымызға да болады. Өйткені ол басынан аяғына дейін темір сауытпен жабдықталған. Әрі ерекше үлгіде. Соған қарағанда, жауынгер болуы әбден мүмкін. Бізді таң қалдырғаны – темір сауыттың ұрланбай сақталғаны. Мұндай дүниелердің мыңдаған жылдар бойы сақталуы – өте сирек кездесетін жағдай. Қазақстанда дәл осы іспеттес тарихи құндылық әлі бірде-бір рет табылған жоқ», — деді Қырым Алтынбеков.

Табылған тарихи құндылыққа жасалатын зерттеу жұмыстары әлі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Өйткені рентген және металл іздегіш құрылғылардың көмегімен жүргізілген зерттеу нәтижесінде алтын, күміс, темір, сүйектен жасалған бұйымдардың бар екені анықталған. Антропологиялық, ДНК-лық зерттеулердің қорытындысы бойынша алдағы уақытта мүрденің бас сүйегі мен сауытын қалпына келтіру жоспарланып отыр. «Әлі тазалаймыз, жәдігерлердің әрқайсысына бөлек бөлек әдіс жасап, анализге дайындаймыз. Оған уақыт көп кетеді. Соның негізінде талай қазбалар шығуы мүмкін. Бұған дейін Қазақстанда темір сауытпен адам шықпағандығын ескерсек, мүрде толықтай қалпына келтірілгенде, тек Атыраудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы болары сөзсіз», — деп атап өтті Қырым Алтынбеков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде