jasqazaq.kz

Атырау облысында тағы да балық қырылды

29 наурыз 2019, 21:13

Бірақ, бұл жолы Жайық өзенінде емес, шалғайдағы Қызылқоға ауданы аумағындағы Ойыл өзенінен бөлініп қалған жайылмаларда тіркелді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушыларының бірі жүктеген бейнероликтен кейін ғана белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Бұл жағдай Жасқайрат ауылдық округіне қарасты Көкмешіт және Ақтөре деп аталатын жайылымдық аумақтағы өзен сағасында анықталған. Өлі балықтың көптігі сонша, көлшік бетін жауып тастаған. Қырылғандардың барлығы мөңке, құты, қызылқанат сынды қара балықтар. Аудан басшылары оқиға орнына барып, мән-жаймен енді танысып жатқан көрінеді. Қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, 70-ке тарта ерікті өзенді тазалау жұмыстарын бастап кеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы комиссия мән-жайды анықтау үшін ауданға аттаныпты. Оларға сенсек, балықтар ауа жетпегендіктен қырылуы мүмкін.

Нариман Жүнісов, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

— Судан арнайы сынамалар алынды, сондай-ақ өлген балықтар да зертханаларға жеткізілді. Әр мемлекеттік орган өзінің қызыметтік міндетіне сәйкес, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Біздің ойымызша, бұл қыста мұздың қалың болуы себепті ауа жетпегендіктен өлген балықтар болуы мүмкін. Алайда нақты ақпаратты зерттеу аяқталған соң айта аламыз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда