jasqazaq.kz

Атырау облысында сушиден уланған 16 адам ауруханаға түсті

28 желтоқсан 2020, 19:55

Атырау облысында сушиден уланған 16 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Жылыой аудандық ауруханасына тамақтан уланған 16 жергілікті тұрғын жатқызылды. Олардың 25-27 желтоқсан аралығында Құлсары қаласындағы дәмхананың бірінен үйге жеткізілетін сушиге тапсырыс бергені белгілі болды. «Ауруханаға түскен кезде науқастарда диарея, дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу және жалпы әлсіздік симптомы болған. Қазір науқастардың жағдайы «орташа ауыр» деңгейде» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Құқық қорғау органдары аталған факті қатысты тексеруді бастады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия