jasqazaq.kz

Атырау облысында су тапшылығынан мал қырыла бастады

04 тамыз 2021, 18:07

Атырау облысының Исатай ауданында су тапшылығынан мал қырыла бастады. Нарын каналы тозып, жан-жағын қамыс басып, кей жерлері батпаққа айналған. Қазір айналасы малдың өлексесіне толып кетті. Жағдай тез арада шешілмесе, экологиялық апат болуы мүмкін дейді фермерлер.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы судың тапшылығы болғанымен мал шығыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. Нарын каналының ұзындығы 170 шақырымды құрайды. «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының балансындағы нысан жарты ғасырдан астам жөндеу көрмепті. Бүгінде су тапшылығын жою үшін канал бөліктеріне су айдайтын қосымша насостар орнатылған. Осының арқасында су деңгейі біршама көтеріліпті.

Талғатбек Тастанбеков, Аққыстау ауылының тұрғыны:

— Бұл су айдаушылардың да кінәсі емес, суларын айдаған сәтте су болады. Ал 15 күн бола ма, 20 күн бола ма, оның булануы бар, тұтынуы бар, сіңуі бар, жоқ болады да кетеді. Себебі бұл каналдар осы канал салынғалы жөндеу көрмеген. Біздің мына қазіргі сәтте жанайқайымызды жаңа ауыл шаруашылығы министрі келіп жатыр. Сол кісіге жеткізсеңіздер. Мемлекеттен қаржы бөлінуі керек.
Саламат Амангелді, облыстық ауыл шаруашылығы басшысының орынбасары:

— Бұл мәселе көп жылдан бері айтылып келе жатса да шешімін таппай келе жатқаны рас. Енді тиісті министрліктермен жұмыстар жүргізілуде. Нарын каналын күрделі жөндеуден өткізу және оның жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға байланысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне тиісті хаттар жолданды. Сосын жаңағы Нарын каналының бойында орналасқан ауылдарда мал өлімдері әзірге тіркелген жоқ.

Хабар-24

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия