jasqazaq.kz

Атырау облысында соңғы тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырды

11 қантар 2021, 14:24

Атырау облысында соңғы тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 9 қаңтарда 54, ал кеше, 10 қаңтарда 73 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр.

«Соңғы бір тәулікте қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласында тіркелді.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 50 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 3, Қызылқоғада –1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан коронавирус анықталды. Covid-19 вирусы 16 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 53 адам емделіп шықты», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір үй жағдайында емделушілер қатарын 243 адам құрайды. Ал облыстық инфекциялық стационарда 108, аудандардағы стационарларда 32, Теңіз кенішіндегі стационарда 812 адам ем қабылдап жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия